Тренингтің мақсаты: коммуникативтік құзыреттілікті, эмоционалды тұрақтылықты, өзіне деген сенімділікті, бір-біріне деген қайырымды қатынасты дамытуға жағдай жасау. Жаттығулар жасай отырып, тренингке қатысушылар өздерінің мінез-құлқының себептері мен ерекшеліктерін біледі, басқа адамдарды түсінуге үйренеді. Тренинг педагогтарды өзін-өзі жетілдіруге, білімді, әдістерді, коммуникативтік құзыреттілік тетіктерін игеруге ынталандырады.


