Астана қаласы әкімдігінің № 34 «Ақ бидай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қабылдау телефоны:

8 (71 72) 35 76 34

«Sabaqtastyq» жобасы

Педагогикалық «Sabaqtastyq» жобасы аясында №34 «Ақ бидай» балабақшасында жоспарға сәйкес «Баланы мектепке бейімдеу» семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерін болашақ оқушыларымен таныстыру, мектеп пен балабақша арасында тығыз қарым қатынас орнату, балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту бойынша тиімді әдістер мен стратегиялар белгіленді.

Семинар барысында балабақша әдіскері

Г.С Тусупбергенова мектепке бейімделудің маңызын қатысушылармен талқылады. Мектепалды топ тәрбиешілері баланың жеке даму картасының маңызы, типтік оқыту бағдарламасының ерекшелітері туралы ақпараттармен бөлісті. Семинар барысында №22 мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқу ісінің орынбасары мен мұғалімдері өз ұсыныстарын айтты.