«Біртұтас тәрбие» жобасы аясында «Гүлдер» ересек тобында “Қазақтың ұлттық ою-өрнектері” тақырыбы бойынша оқу іс-әрекеті өтті. Мақсаты: балаларға ою-өрнек туралы мағлұматтар беру. Ою-өрнекпен жұмыс істеу технологиясын үйрету, шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану. Балаларды осы өнер түрімен қызықтыру, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.