Астана қаласы әкімдігінің № 34 «Ақ бидай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қабылдау телефоны:

8 (71 72) 35 76 34

№1 педагогикалық кеңес Балабақшамызда 2025–2026 жаңа оқу жылына алғашқы педагогикалық кеңес өтті!

Педагогикалық кеңесіміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тамыз конференциясында айтқан маңызды сөздерімен ашылды.

Жиында білім беру ұйымының алдағы жұмысына бағыт-бағар беріліп, келесі маңызды мәселелер қаралды:
1️⃣ Жаңа оқу жылындағы басым бағыттар таныстырылып, білім беру мазмұнын жетілдіруге байланысты нақты міндеттер қойылды.
2️⃣ Жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, тәрбие мен оқыту үдерісінің жүйелі іске асуы жолға қойылды.
3️⃣ Қауіпсіз білім беру ортасын құру – төртінші, бірақ аса маңызды басымдық ретінде нақты шешімдер қабылданды.
4️⃣ Ағымдағы мәселелер талқыланып, ұйымдастырушылық және санитарлық бағыттарда ұсыныстар берілді.
Әдістемелік орталықтан Жүсіпжан Жеңіскүл Темірханқызы балабақшамызға қонаққа келіп, жаңа оқу жылымен құттықтап, маңызды әрі пайдалы әдістемелік кеңестерімен бөлісті.