Астана қаласы әкімдігінің № 34 «Ақ бидай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қабылдау телефоны:

8 (71 72) 35 76 34

«Адалдық пен достық» спорттық жарыс

2025 жылдың 21 қарашасында «Адал азамат» бағдарламасы аясында мектепалды топтарының арасында «Адалдық пен достық» атты спорттық жарыс өтті.
Балалар жарысқа үлкен қызығушылықпен қатысып, достықты, адалдықты және командалық бірлікті көрсете білді.
№ 6 «Балдырған» және № 8 «Қызғалдақ» топтары арасындағы сайыс өте тартысты өтіп, екі топ да мәреге бір уақытта жетіп, бірінші орынды бөлісті.
Сонымен қатар, № 11 «Береке» тобы — 1 орын, ал № 12 «Алтын дән» тобы — 2 орын иеленді.