Астана қаласы әкімдігінің № 34 «Ақ бидай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қабылдау телефоны:

8 (71 72) 35 76 34

Семинар «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі буллингті алдын алу»

«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында 15 желтоқсан күні балабақшамыздың педагог-психологі К.Н Смагулова семинар-практикум өткізді.
Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі буллингтің (қудалаудың) алдын алу.
Мақсаты: Педагогтардың балалар арасындағы қудалау мәселесі туралы хабардарлығын арттыру және оның алдын алу мен әрекет етудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Теориялық блокта психолог, педагогтармен бірге агрессия, қақтығыс, буллинг (қудалау) ұғымдарды анықтады
Физикалық, психологиялық, вербалды, әлеуметтік буллинг түрлерің талқылады
Практикалық блокта К.Н Смагулова балалардың эмоционалдық және мінез-құлық бұзылыстарын, агрессивті мінез-құлқын түзетудің әдісі ретінде Эбру техникасы колдануын көрсеті
Тәрбиешілердің буллинг кезіндегі негізгі қателіктерін талқылады, сонымен қатар педагог-психолог педагогтарды буллинг анықтау бойынша қадамдық нұсқаулықпен (алгоритммен) таныстырды (бақылау, ақпарат жинау, қатысушылармен әңгімелесу, басшылық пен ата-аналарды хабардар ету).