«Әр бала мектепке лайық» жобасы мектептегі және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында аутизмі бар және дамуында басқа да ауытқулары бар балаларға арналған инклюзивті білім беру моделін әзірлеуге және енгізуге бағытталған.
Біздің балабақшадада осыдай кабинет бар. Жобаның мақсаты ерекше қажеттіліктері бар (аутизм және басқа да даму ақаулары) балалардың сапалы білім алуына тең мүмкіндіктер жасау.
Жобаның аудиториясы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар (ЕББҚ).
Инклюзия қолдау кабинетінің командасы (мамандары)
• Куратор
• ИҚК мұғалімі
• Педагог-ассистент
• Топ тәрбиешілері
• Педагогтер (музыка жетекшісі, дене тәрбиесі нұсқаушысы, қазақ тілі маманы)
• Ата-аналар
Осындай кабинеттердің арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір баланың жалпы білім беру ортасына кірігуге, қоғамда әлеуметтенуге,табысты оқыту мен тәрбиелеу үшін қажетті қолдау мен ресурстарға ие болуға мүмкіндігі бар