» Наурыз мейрамы» мерекелеуге арналған іс -шаралар жоспарына сәйкес біздің балабақшамызда тәрбиеленушілерге арналған » Наурыз — жыл басы» ұлттық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қазақтың музыкалық аспаптары, ұлттық тағамдары, киімдер, зергерлік бұйымдары мен ыдыстар ұсынылды. Әр ұсынылған бұйымдар туралы қазақ тілі педагогтері: С.У.Калмаханова, А.А.Шолпанбаева ақпарат беріп түсіндірді. Көрмеге мектепалды мен ересек топтардың тәрбиеленушілері қызыға қатысты.