Баланы өміріміздің гүлі, мәні, болашағы деп қарайтын,
Еліміздің саналы, өнегелі, өнерлі келешегі деп санайтын,
Бала жүрегіне жылулық шуағын сепкен,
Ізгілік пен мейірім шапағатын төккен,
Сол жолда еңбек ететін
№34 «Ақ бидай» балабақша педагогтарының ұстанымы:
Балабақша ұжымының әрбір қызметкерінің міндеті – күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау.
Баланы жеке басының ерекшелігіне, қызығушылығына қарай дамыту.
Меңгеруші туралы ақпарат
Найля Абулхайыровна Бадакова
Жасы: 49 жас
Санаты: бірінші
Мектепке дейінгі жалпы педагогикалық еңбек өтілі: 27 жыл
Басқару бойынша жалпы еңбек өтілі: 27 жыл
Құрметті ата – аналар!
Құрметті ата – аналар, Сіздерді біздің білім беру мекемесінде көруге қуаныштымыз. Балабақша – балаларға үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші баспалдағы.
Балалардың бойына адамгершілік,ұқыптылық,рухани,жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңіруде педагогикалық ұжымының еңбегі ұшан – теңіз.
Біз бүлдіршіндеріміздің интеллектуалды, шығармашылық, жан – жақты дамуына үлес қосқанымыз үшін қуаныштымыз.
Сіздермен балаларыңыздың тәрбие, білім беру мен дамыту жолындағы тығыз қарым – қатынаста болып бірлесіп жұмыс жасаймыз деп сенімдіміз.
Бала бойында «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыру.
Аптаның әр күні – жаңалық ашу күні, зерттеу жүргізу күні, өзін, қоршаған ортаны тану күні.
Бала еркін ойлауға, пікірін айтуға, белсенділік танытуға, іс-әрекетті таңдауға құқылы.
Өткен күн бір жерде тұрмайды: алға, тек алға және бәріміз!
Өз білгенімді, әріптесіммен бөлісемін.
Педагог бала үшін үлгі.
Балабақшада 12 топ қызмет етеді. Оның ішінде 6 топ мемлекеттік тілде, 6 топ орыс тілде оқытатын топтар. Олардың біреуі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды оқытатын топ.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу,олардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыру мен зияткерлік және адамгершілікті дамыту.
Негізгі міндеттері: