Ата- аналарға арналған тренинг
18.04.2024 жылы балабақша психологтары Смагулова К.Н және Каримова А.Ж. ата-аналарға арналған «Буллинг тек мектеп туралы ғана емес және агрессивті балалармен тиімді әрекеттесу» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг барысында психологтар ата-аналарға ашуды басуға көмектесетін және балалардың жинақталған агрессивті энергиясын босатуға көмектесетін бірқатар ойындарды ұсынды. Олар: «Қарлы шайқас (қағаздан жасалған»), «Ағаш жару» (Фопел К., 1998), т.б.
Шара соңында ата-аналар тренинг бойынша өз пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ ата-аналар агрессивті мінез-құлықты түзету үшін балаларымен үйде қолданатын әдістері мен бөлісті.
«Шешеннің тілі алтын, шебердің қолы алтын»
«Мен өз елімнің патриотымын » ата- аналарға арналған танымдық викторина
29.02.2024 жылы балабақшада » Мен өз елімнің патриотымын» ата- аналарға арналған танымдық викторина өтті.
Викторинаның мақсаты: ата- аналарға қазақ халқының тарихы, мәдениеті, тілі туралы ақпарат беру, олардың патриоттық сезімдерін ояту.
«Поэзия- баланың рухани дамуы » әдеби кеш