«Мектеп- білім айнасы»
Бүгін N 1 » Шұғыла» мектепалды тобының тәрбиеленушілері мектеп өмірімен танысты: сыныптарға барды, мұғалімдермен кездесті, қызықты сабақтар мен ойындарға қатысты. Экскурсия болашақ бірінші сынып оқушыларына өздерін сенімді сезінуге, алда күтіп тұрған мектеп өмірі туралы көбірек білуге және оқу үдерісінің жаңа кезеңіне оң көзқараспен дайындалуға көмектеседі.
Мектепке саяхат
4 «Айналайын»мектепалды тобының N22 мептеп-гимназиясына жасаған экскурсиясы
Мақсаты:Балаларға мектеп өмірімен таныстыру,қызығушылықтарын арттыру, бірінші сыныпқа баруға психологиялық дайындық қалыптастыру, мектепке деген жағымды көзқарас пен оң эмоция қалыптастыру.
» Қарым-қатынас дағдылары мен тіл дамыту»
Педагогикалық «Sabaqtastyq» жобасы аясында №34 «Ақ бидай» балабақшасында жоспарға сәйкес «Қарым-қатынас дағдылары мен тіл дамыту» тренингі өтті.
Мақсаты: Балалардың дұрыс сөйлеу дағдыларын, өз ойларын еркін жеткізе білуінқалыптастыру. Бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілерге тіл дамытудағы негізгі әдістер мен жаттығуларды көрсету.
Тренинг барысында балабақша психологы С.М.Кожахметова балалардың мектепке психологиялық дайындығы бойынша іс-шараларды тиімді ұйымдастыру тәсілдерін түсіндірді. Психологиялық жаттығулар жүргізіп, эмоцианалды жағдайын жақсарту әдістерімен бөлісті. Астана қаласы №22 мектеп гимназиясының психолог маманы мен бастауыш сынып мұғалімдері өз ұсыныстарын айттып, алдағы уақытта іс-шаралардың міндеттерін айқындады
Педагогикалық » Sabaqtastyq» жобасы
Педагогикалық «Sabaqtastyq» жобасы аясында №34 «Ақ бидай» балабақшасында жоспарға сәйкес «Баланы мектепке бейімдеу» семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерін болашақ оқушыларымен таныстыру, мектеп пен балабақша арасында тығыз қарым қатынас орнату, балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту бойынша тиімді әдістер мен стратегиялар белгіленді.
Семинар барысында балабақша әдіскері Г.С Тусупбергенова мектепке бейімделудің маңызын қатысушылармен талқылады. Мектепалды топ тәрбиешілері баланың жеке даму картасының маңызы, типтік оқыту бағдарламасының ерекшелітері туралы ақпараттармен бөлісті. Семинар барысында №22 мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқу ісінің орынбасары А.Г. Салырбаева мен бастауыш сынып мұғалімдері өз ұсыныстарын айтты.
«Мектеппен танысу» мектепке экскурсия