Астана қаласы әкімдігінің № 34 «Ақ бидай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қабылдау телефоны:

8 (71 72) 35 76 34

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы іс – шаралары

«Әке және мен» отбасылық сайыс

Әке мен баланы қатыстыра отырып,сайыста баланы өмірде белсенді болуға,алға қойған мақсатты орындауға үйрету. Қимыл- қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.


Қол өнер,зор өнер

№34″Ақ бидай» балабақшасы №4 «Айналайын» мектепалды топ. «Біртұтас тәрбие» «Аналар мектебі» Тақырып: «Қол өнер, зор өнер» Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнермен үлгілерімен таныстыра отырып, қазақ өнерлерін қастерлеуге үлгі тұтуға үйрету. Тәрбиеші: Пиримбетова. У. Б


«Шын жүректен кітап сыйла»

Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Шын жүректен кітап сыйла» Халықаралық балалар күніне орай №10 «Қарлығаш» ортаңғы тобында ата-аналармен тәрбиеленушілердің қатысуымен челлендж өткізілді.


«Қазақтың ұлттық киімдері»көрмесі

Ұлттық киім — кез-келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі.Бұл жай ғана киім емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесі айқындайтын ұлан -ғайыр тарих. Қыздарымызға көрік, ер азаматтарға айбат, жігер беретін ұлттық киіміміз. Қазақ халқын бүкіл әлемге танытатын этномәдени құндылық.


 

«Ұлттық аспаптар — ұлттық құндылық»

«Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында «Әкелер мектебі»
№10 «Қарлығаш» ортаңғы тобында әкелер мен балалардың қатысуымен «Ұлттық аспаптар -ұлттық құндылық» тақырыбында іс- шара өткізілді.


 Балабақшаға кітап сыйлайық

» №34”Ақ бидай” б/б №6 ”Балдырған” тобында “Балабақшаға кітап сыйлайық” акциясы өткізілді. Мақсаты:балалардың кітапқа қызығушылығын оятып,күтіп ұстауға тәрбиелеу.Ата-аналармен тығыз байланыс орнату.

 


Оншақты гүліміз -моншақты қызымыз

#34″Ақ бидай» б/б #6″Балдырған» тобында «Аналар мектебі» жоспарымен «Оншақты қызымыз,моншақты гүліміз» тақырыптық іс-әрекет өтілді. Аналар мен қыздарға үй жағдайында әшекейлер жасап үйрету ұсынылды.

 


«Біз өнерліміз»

“Өнерлі-өрге жүзер” деген халық даналығы. Өнер- адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік- моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан-саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай, мақал-мәтелдер «Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер-таусылмас азық, жұтылмас байлық”-деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, рухани байлығы деп бағалаған.


«Мамандықтар»

«Біртұтас тәрбие» және «Тілге бойлау» жобалары аясында №1 «Шұғыла» мектепалды тобының тәрбиеленушілері «Мамандықтар» тақырыбы бойынша зерттеу қызметіне қатысты.

 


Әкелер мектебі

Тақырыбы:»Қыс мезгілі» әкесімен жұмыс
Мақсаты:Үйілген қардың маңызын түсіндіре отырып, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Адам баласы еңбек арқылы дамып жетіледі. Еңбек ету арқылы көптеген белестерді бағындыра алады. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлықын қалыптастырады. Еңбектің көптеген түрі бар, соның бірі-қысқы еңбек. Қысқы еңбек түрлерімен таныстыру және оларды кімдер атқаратынын айтып түсіндіру. Әкесімен баласының қыстыгүні ауланың қарын күреп, тазалап, аққала жасау арқылы бірге уақыт өткізу.

 


Шебер- сынып: “Қазақтың ұлттық ойыншығын жасау” ортаңғы топ № 7 “Балбөбек”
Тәрбиешілер: Камок Т.Г.
Суворова Т.Б.

Мақсаты: Ұлттық ойыншықпен таныстыру. Қазақ халқының тарихы мен дәстүрлеріне қызығушылық қалыптастыру.

 


«Әкем менің шебер ұста»

Әке-шаңырағы теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі. Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы оның берген тәрбиесі, тәрбие тал бесіктен басталады. Әкелер мектебінің ең басты мақсаты: әке мен баланың қарым қатынасын нығайту.

 


«Біз экологпыз»

 


«Көрпе фест»
Бүгін » Береке» ересек тобында ата- аналар мен балаларға арналған «Көрпе- фест» өтті. Көрпе тігу барысында балалар қазақ халқының ою- өрнектерін атап, текеметті безендірді.
 
 
 
 

№6”Балдырған” ересек тобында  “Аналар мектебі”жобасы аясында “Бір отбасы-бір кітап” акциясы өтті.
Ата-аналар балалармен бірлесе кітап оқып,балалардың көркем әдебиетке қызығушылығын оятты.

 


«Қыз  тәрбиесі – ұлт  тәрбиесі»

» Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» атты тақырыпта Аналар мектебінің іс шарасы  өтті. Оған балалардың аналары қатысты.  Балалар қазақ қызының бойындағы  ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу туралы үйренді. «Қыз  тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», дәстүрлі қыздардың әшекейлері туралы айтылды, ақыл кеңес беріліп, көрсетіп түсіндірілді


«Қыста құстарға жем берейік»
«Біртұтас тәрбие» жоспарына сәйкес ата- аналармен ұйымдастырылған қысқы экологиялық науқан.
№ 7 “Балбөбек” ортаңғы тобы
Тәрбиешілер: Суворова Т. Б., Камок Т.Г.

 


Әкелер мектебі
Тақырыбы:»Арқан тартыс»
Мақсаты: Балаларға арқан тартыс ұлттық ойынының мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін, ойынның ойналу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Балалардың ептілігін, қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту. Төзімділікке, өзара достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Әкелер балаларға ойынның шартын түсіндіріп кетеді.
«Арқан тартыс» ойыны
Ойынға қатысатын балалар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.
Әкелер балаларды екі топқа бөліп, сызықтың екі жағына бір-біріне қарама-қарсы тұрғызады. Қарама-қарсы тұрған балалар бір-бірінің қолынан ұстап, әр бақталас топ өз жағына қарай бірін-бірі тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетті. Ойынның соңында екі топта марапатталды.

 

«Біртұтас тәрбие»жобасы бойынша №34 «Ақ бидай» балабақшасы №6″Балдырған» тобында 20.12.2024ж балаларды патриоттық сезімдерін оятып,Отанын құрметтеуге баулу мақсатында «Алтын ана-бақытты бала» атты отбасылық патриоттық әндер сайысы өтті.

 

» Тәуелсіз ел- тілегі»

 

» 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні құтты болсын!»

» Әжеммен бірге ас  дайындаймыз»

» Жүннен жасалған бұйымдар» Аналар мектебі » Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектепалды » Айгөлек» тобында ата- аналар мен балалар қатысқан керемет  іс шара өтті.

 

«Ертегілер еліне саяхат»
“Біртұтас тәрбие” жоспарына  және қазақ тілі педагогтерінің Калмаханова С.У, Шолпанбаева А.А жылдық жоспарларына сәйкес ұйымдастырылған  » Ертегілер еліне саяхат» атты  іс- шара өтті. Іс- шара барысында мектепалды топ тәрбиеленушілері ортаңғы және ересек топ балаларына  » Алма» және » Шалқан» ертегілерді сахналады.

Ұйымдастырған: қазақ тілі педагогтері

«Жеті ата» Әкелер мектебі


Қоғамдық мүлікті қорға

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ортаңғы тобында » Қоғамдық мүлікті қорға » атты іс- шара өтті.
Табиғатқа зиянымыз тимесін

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында » Аналар мектебі» жоспарын жүзеге асыру мақсатында » Табиғатқа зиянымыз тимесін» атты шығармашылық жұмыс жүргізілді.

 » Ою ойғанның ойы ұшқыр»
«Аналар мектебі » жоспарына сәйкес» Алтын дән » ересек тобында ата- аналармен бірлескен шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.

 » Жарқылдар мен көлік түрлері»
«Біртұтас тәрбие » бағдарламасының қараша айының жоспарына сәйкес ересек тобында » Жарқылдар мен көлік түрлері » шығармашылық іс- шара ұйымдастырылды.

«Жарқылдар мен көлік түрлері» тақырыбындағы сюжеттік — рөлдік ойын

» Абай- дана, Абай — дара қазақта»

» Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»
» Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарын жүзеге асыру мақсатында » Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» атты іс- шара өтті.

» Отаным Қазақстан» ертеңгілік
» Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес мектепалды тобында » Отаным Қазақстан» атты мерекелік іс- шара өтті.

» Қазақстан туған елім, ұлы өлкем» мәнерлеп оқу байқауы
» Біртұтас тәрбие » бағдарламасының жоспарына сәйкес» Қазақстан туған елім,ұлы өлкем » атты балалар арасында өткен өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауы өтті.

«Күз сыйы» көрмесі

«Абай біздің данамыз» танымдық бейнетаспа

» Елім деп соғар жүрегім» педагогтерге арналған интеллектуалдық байқау
» Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсатын жүзеге асыру мақсатында және қазақ тілі мұғалімі С.У.Калмаханованың жылдық жоспарына сәйкес
» Елім деп соғар жүрегім» интеллектуалдық байқау ұйымдастырылды. Байқауда педагогтер өз білімдерімен бөлісіп, патриоттық рух көтерді.

DOC-20240928-WA0002.

BIRTUTAS_TARBIE_KAZ new.pdf