Астана қаласы әкімдігінің № 34 «Ақ бидай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қабылдау телефоны:

8 (71 72) 35 76 34

 «Отбасы- тәрбиенің негізгі көзі»

Бүгін №9 «Балдәурен» орта тобында ата-аналарға арналған «Отбасы – тәрбиенің негізгі көзі» тақырыбында кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты: ата-аналарға отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін түсіндіру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, дұрыс тәрбие әдістерін қолдануға үйрету және баланың тұлғалық дамуына қолдау көрсету.
Кездесу қорытындысы бойынша топ тәрбиеленушісі Рамазан Абдурахманның анасы өз отбасындағы бала тәрбиелеу әдістерімен бейнеролик арқылы бөлісті.

 

 «Алтын күз» мерекесі

Бүгін біздің балабақшамызда,№9 «Балдәурен» ортаңғы тобында «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгілік барысында балалар ән айтып, өлең оқып, би билеп, қызықты ойындарға белсене қатысты. Мереке жылы әрі қуанышты атмосферада өтті, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.

«Күзгі ағаш» ҰІӘ

Бүгін №9 «Балдәурен» ортаңғы тобында «Күзгі ағаш» тақырыбында кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Балалар күзгі табиғаттың әсем көріністерімен танысып, жапырақтарды пайдаланып сурет салудың ерекше, дәстүрден тыс тәсілін меңгерді. Жұмыс барысында олардың қолдарының ұсақ моторикасы, қиялы мен шығармашылық қабілеттері дамыды. Балалар өз еңбектеріне қызығушылықпен қарап, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімдерін танытты.


 

Қош келдің Наурыз

" Жаңа жыл құтты болсын!"

ТәрбиешілерБарч Анастасия Сергеевна