№34 «Ақ бидай» балабақшасы «Қарлығаш» ересек тобының балаларымен өткізілген «Шапшаң бол» атты ойыны. Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, кеңістікте дұрыс бағдарлануға үйрету, ептілік, шапшаңдық, батылдық қасиеттерін қалыптастыру; кедергілерді жеңе отырып, соңғы тапсырманы дәл және толық орындауға машықтандыру. Ұжымдық жұмысқа, тәртіпке және өз әрекетін жоспарлай білуге тәрбиелеу.
«Қыз тәрбиесі — ізгілік негізі»
«Қарлығаш » ересек тобының Әжелер мектебінің жылдық жоспары бойынша «Қыз тәрбиесі — ізгілік негізі» атты әжелер арасында қыздарына әңгіме айтып, видеоролик жолдау сәтті аяқталды. Қатысушы әжелерге алғыс білдіреміз!!!
«Күз кереметі» көрмесі
«Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерінің «Күз кереметі» атты көрмесі ұйымдастырылды. Ата — ана мен бала арасындағы байланысты нығайту мен балалардың күз туралы ой-өрісінің артуын көздеген мақсатымызға жеттік.