Бүгін біздің балабақшамызда педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша 2023-2024 оқу ж.ж жаңа ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Аттестаттау біліктілік бағасы, педагог білімін бағалау, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан тұрады. Сонымен қатар биылдан бастап эссе жазу талаптары алынып тасталды. Педагогтерді аттестаттауы бес жылда бір рет болады. Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары және орынбасарлары үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.