29.03.2024 жылы біздің балабақша мектепалды тәрбиеленушілері #22 мектеп-гимназиясына саяхатқа барды. Мектеп-гимназия ұжымы балаларды жылы қарсы алды. Балалар дене шынықтыру, акт зал, компьютер, асхана, кітапхана бөлмелері мен сынып бөлмелерімен танысып үлкен әсер алды. Балаларға мектеп-гимназия ұнады, олар қуанышты әсер алып қайтты.