Астана қаласы әкімдігінің № 34 «Ақ бидай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қабылдау телефоны:

8 (71 72) 35 76 34

2 сәуір — Дүниежүзілік аутизм мәселелері туралы ақпарат тарату күні

2 сәуір-Дүниежүзілік аутизм мәселелері туралы ақпарат тарату күні. Ерекше балаларға ынтымақ ретінде біздің балабақшаның тәрбиешілері мен балалары бүкіл әлемге қосылды. Осы күні біздің балабақшада бірқатар іс-шаралар өткізілді. Ересек және мектепалды топтардың балаларымен «Күн бәріне жарқырайды»тақырыбында әңгіме өткізілді.
№2 «Жұлдыз» мектепалды тобының балалары «Көк тусті жандандыр»» акциясына белсенді қатысты. Балалар «Әр балаға арналған» бейнероликті қызығушылықпен тамашалады, онда аутизмі бар балалардың ерекшеліктері, олармен қалай қарым-қатынас жасау, ойнау, дос болу туралы ақпарат қолжетімді тілде ұсынылды.
Балалар өз әсерлерін «Күн барлығына жарқырайлы» «Айгөлек» орта тобының балаларының ұжымдық жұмысы және «Айналамыздағы әлем» суреттер көрмесінде білдірді.
Бұл күн туралы ата-аналарға хабарланды: ата-аналар бұрышындағы ақпарат арқылы, буклеттер тарату арқылы.
Балалармен мұндай іс-шаралар мейірімділікке, басқаларға деген сүйіспеншілік пен көңіл, көмекке келуге деген ұмтылысты тәрбиелейді.