# 10 » Қарлығаш» ортаңғы тобында әкелер мектебі жоспарына сәйкес «Арқан тартыс» ұлттық ойын өтті.
Мақсаты: Балаларға арқан тартыс ұлттық ойынының мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін, ойынның ойналу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Балалардың ептілігін, қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту. Төзімділікке, өзара достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
«Арқан тартыс» ойынның ережесі.
Арқан тарту алаң ортасында көлденең сызық сызылады. Ойынға ортасына қызыл жіп байланған арқан қойылады. Ойынға қатысатын балалар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.
Әкелер балаларды екі топқа бөліп, сызықтың екі жағына бір-біріне қарама-қарсы тұрғызады. Қарама-қарсы тұрған балалар бір-бірінің қолынан ұстап, әр бақталас топ өз жағына қарай бірін-бірі тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетті. Ойынның соңында екі топта марапатталды.
—