“Бұртұтас тәрбие” жобасында “Самұрық” мектепалды тобында “Оюлар сыры” атты оқу іс-әрекеті өтті. Мақсаты: балалардың қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы білімдерін кеңейту. Ою-өрнектің түрлерін дұрыс атап, орналастыра білуге үйрету, әсемдікті сезіне білуге қалыптастыру. Тәрбиеші: Ботагөз Бақтыбекқызы