2025 жылдың 21 қарашасында «Адал азамат» бағдарламасы аясында мектепалды топтарының арасында «Адалдық пен достық» атты спорттық жарыс өтті.
Балалар жарысқа үлкен қызығушылықпен қатысып, достықты, адалдықты және командалық бірлікті көрсете білді.
№ 6 «Балдырған» және № 8 «Қызғалдақ» топтары арасындағы сайыс өте тартысты өтіп, екі топ да мәреге бір уақытта жетіп, бірінші орынды бөлісті.
Сонымен қатар, № 11 «Береке» тобы — 1 орын, ал № 12 «Алтын дән» тобы — 2 орын иеленді.