Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 34 «Ақ Бидай» акимата города Астана

Tелефон:

8 (71 72) 35 76 34

Обрезание пут

Осень золотая в гости к нам пришла

«Сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындар» Тәрбиеші: Копбева Н.Б

«Қатты-ақырын-сыбырлап»

Мақсаты: Балаларға қатты,сыбырлап, ақырын сөйлеуге үйрету.

Ойын барысы: Ойынға 3-5 бала қатысады: тәрбиеші балаларға бір сөзді айтады: оны балалар қатты дауыспен,ақырын дауыспен және сыбырлап айтуы керек

«Тез-ақырын»

Мақсаты:Балаларға тақпақтарды,жаңылтпаштарды тез жән ақырын айтуға үйрету.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға бір сөзді,тақпақты немесе жаңылтпашты айтады. Балалар соны тез және ақырын қайталап айтуы керек.

«Шарды үрле»

Мақсаты: Балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: шарлар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға шар таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.

«Құс мамығын үрле»

Мақсаты: балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: құс мамығы.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға құс мамығын таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.

«Ақшақарлар ұшады»

Мақсаты: Сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: ақшақарлар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға қағаздан жасалған ақшақарларды таратып береді. Балалар ауыздарын демге толтырып, дем шығарғанда ақшақарларды үрлеп ұшырады..

«Не дыбыстайды?»

Мақсаты: балалардың ненің қалай дыбыстайтынын білуі,айтуы керек.

Ойын барысы: топта не дыбыстайтынын айтып беру. Сипаттау арқылы балалар не дыбыстайтынын табуы тиіс.

«Міне, осылай дыбыстарды атайды»

Ойынның мақсаты: дыбыстарды дұрыс әрі нақты айтуға үйрету

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген дыбыстарды айтады. Ойынға қатысқан балалар сол дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуы керек.

«Дыбысталатын сағат»

Ойынның мақсаты: дыбысталатын сағаттарды тілмен дұрыс көрсете білуге үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға дыбысталатын сағаттың дыбысын естіртеді, балалар оны қайталайды.

«Таза айту»

Ойынның мақсаты: Сөздерді таза айтуға үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға қиын, тілі келмейтін сөздерді айтады,балалар соны қайталайды.

Мысалы:ракета,шкаф…

«Кімнің үйі?»

Ойынның мақсаты:Кімнің қайда тұратынын ажырата білу

Ойынның құрал-жабдықтары:үйдің,апанның, ұяның,тиіннің інінің суреті

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға сурет арқылы кімнің үйі екенін тауып көрсетуін сұрайды.

«Кімде не бар?»

Ойынның мақсаты:Заттардын атын дұрыс атай білуді үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:қолдарында заттары бар жануарлардың суреттері

Ойынның мазмұны:Суретте бейнеленген жануарлардың немесе ойыншықтардың қолында қандай зат бар екенін атайды және сол затты сипаттайды.

Мысалы:қоянның қолында сәбіз бар,ол көкөніске жатады. т.б.

«Біреу және көп»

Ойынның мақсаты: Бір және көп заттарды ажырата білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:бір және көп заттар бейнеленген суреттер

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші бір және бірнеше заттар бейнеленген суреттер береді. Балалар бір зат бейнеленген суреттерді жеке, көп зат бейнеленген суретті жеке топтастырады

«Не қайда жатыр?»

Ойынның мақсаты: Баланың ой өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту,зейінділігін арттыру.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға кез келген затты айтады. Ойынға қатысқан балалар сол заттың қайда жатқанын анықтап,сипаттайды.

 «Дүкен»

Ойынның мақсаты:Балаларды рөлдерге бөліп ,сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету.

Ойынның мазмұны:Бір баланы сатушы етіп,қалған балалар сатып алушы болып ойнайды.

(Мысалы, Сатушы «Келіңіз,сізге не керек?» деген сөздерімен және сатып алушылар «Рахмет» сияқты мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету).

«Айгүлге серуенге бару үшін не жетіспейді?»

Ойынның мақсаты: Жыл мезгілдеріне сай киімдерді ажырата білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: жыл мезгілдеріне сай киімдердің суреті

Ойынның мазмұны:Әр балаға қуыршақтар беріледі. Балалар ол қуыршақтарды жыл мезгілдеріне сай киіндіру керек. Бір балаға қыс мезгіліне сай, ал келесі балаға күз мезгіліне сай және тағы сол сияқты.

«Сиқырлы қалта»

Ойынның мақсаты: Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету(мысалы: ақырын сөйлеу)

Ойынның құрал-жабдықтары:суреттер,доп,шар,қуыршақ)

Ойынның мазмұны:5-6 бала қатысады. Тәрбиеші сиқырлы қалтаны ортаға қойып балаларды кезекпен шақырып,сол қалтадағы заттарды алғызады. Балалар алған заттарын сипаттайды.

«Нені қайда салады?» (қантты – қант салғышқа және т.б.)

Ойынның мақсаты: Ыдыс аяқ түрлерін ажырата білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:ыдыс аяқтың суреті

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші ыдыс аяқтың суретін береді. Балалар ол ыдыс аяққа не салатынын айтады мысалы: қантты қант салғышқа және т.б.

«Кім? Не?»

Ойынның мақсаты: Жанды жансыз заттарды айыра білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:әр-түрлі суреттер

Ойынның мазмұны:Балаларға суреттер беріледі. Балалар ол суреттерде не бейнеленгенін және оның жанды не жансыз екенін айтады. Жанды болса кім?,жансыз болса не? Сұрағы қойылады.

«Кім не істейді?»

Ойынның мақсаты: Балаларға есімдерді дұрыс атауды үйрету, мамандықтардың атауларын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әр-түрлі мамандықтардың суреттері

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға суреттерді қарауды ұсынады. Ол кімдердің суреті, олар қайда кетіп жатқандарын, не жұмыс істейтіндерін айтады. Мысалы: суретте көкөніс сатушысы өзінің дүңгіршігіне кетіп бара жатыр, сатып алушыларға қызмет көрсету үшін.

«Бұл қай кезде болады?»

Ойынның мақсаты: Балалармен тәулік бөліктерін бекіту (таңертең,күндіз,кеш,түн)

Ойынның құрал-жабдықтары:Тәулік бөліктері суреті.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балалармен бірге, тәулік неше бөліктен тұратынын,және тәулік бөліктерін атауды сұрайды.

Тәулік бөліктері бар суреттерді қарап,соған сәйкес келетін суреттерді тауып орналастырады.(таңертең,күндіз,кеш,түн)

«Қай жерде не бар?»

Ойынның мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:Топтағы ойыншықтар.

Ойынның мазмұны:Балаларға кеңістік туралы суреттер беріледі. Кеңістік бейнеленген суреттерді қайда не тұрғанын атайды. Мысалы: қуыршақ шкафтың үстінде.

«Бір сөзбен айт»

Ойынның мақсаты:Заттарды танып бір сөзбен айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:Ыдыстардың,ойыншықтардың,жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны:Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар.

«Сөзді айтуға көмектес»

Ойынның мақсаты:Сөздерді толық әрі дұрыс айтуға үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші сөздің бірінші буынын айтады, ал балалар сол буынға қатысты сөзді тауып жалғастырады. Мысалы: Қа-қалам, әй-әйнек…

«Бұл қай кезде болады?»

Ойынның мақсаты: жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы түсініктерін арттыру

Ойынның құрал-жабдықтары:жыл мезгілдерінің суреттері

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға жыл мезгілдерінің және табиғат құбылыстарының суреттерін таратып береді. Содан кейін әр баладан бұл құбылыстар қай кезде болатынын сұрайды. Мысалы: қар жауып жатқан суретті алған бала бұл қыс мезгілінде болады деп жауап береді.

«Биік (ұзын, үлкен, кең, жуан) не болады?»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету;тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары:ұзын және қысқа жолақшалар,биік,кең жуан ұғымдарына байланысты суреттер.

Ойынның мазмұны: ұзын және қысқа жолақшаланы көрсету. Жолақшаларды таратып беру. Берілген суреттерден немесе топтан биік және аласа, жуан және жіңішке, кең және тар заттарды табу

«Сипаттамасы бойынша таны»

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа,кең-тар,биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары:жануарлардың,құстардың ойыншығы.

Ойынның мазмұны:балалар аю,түлкі,қасқыр,қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді,басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады.

Хабарландыру!

Құрметті ата-аналар, 11.03.2022 – 29.04.2022 жылдың аралығында біздің тобымызда «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында кішігірім акция ұйымдастырылады.

Акция мақсаты: балаңыздың сүйікті кітабымен топ болып танысу, баланың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Өтілу тәртібі:

1. Қызықты ертегілер,әңгімелер,өлеңдер кітаптар әкелу.

2. Тәрбиешілер балаларға кітаптарды оқып беріп, топ болып кітаппен танысу.

3. Әкелінген кітаптарды қайтару.

Ең белсенді болып қатысқан ата-ананың баласына екі тәрбиеші атынан сыйымыз да бар! Барлықтарыңызға сәттілік!

«Берекелі күз келді»